Төлебидің әкімі білім ошақтарының жұмысымен танысты

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы «Төлеби балалар көркемсурет мектебінің» ұстаздары мен оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен танысты.
Балалар мен оқытушылардың 1000-нан аса шығармашылық туындыларын көркемсурет мектебінің директоры Исаков Мекенбай Панабайұлы таныстырды.
Айта кету керек, бүгінде «Төлеби балалар көркемсурет мектебі» 2018 жылдан бастап Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО федерацияның клубына мүше.
Қазіргі таңда, көркемсурет мектебінде 151 оқушыны 17 қызметкер шығармышылыққа баулынып жатыр.
Келесі кезекте аудан әкімі Бауыржан Омарбеков пен аудандық мәслихаттың хатшысы №2 Төлеби балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұрмыстық жағдайларын көрді.
Аралау барысында аудан әкімі №2 Төлеби балалар үйінің директорының міндетін атқарушы Бейсебаева Алия Акимжанқызына тәрбиеленушілердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту жұмыстарына қатысты, бірқатар тапсырмалар берді.

№2 Төлеби балалар үйінде қазіргі таңда 31 қыз және 28 ұл бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі жаста 3 бүлдіршін болса, 55-і мектеп жасындағы балалар. №2 Төлеби балалар үйінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыс атқаруда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*