Төлеби ауданының басшылығы тұрғындарды қабылдады

Үстіміздегі жылдың 5 қараша күні Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Төлебиліктер тұрғын үй кезегі мен отбасылық жағдайлары, әлеуметтік мәселелері туралы өтініштерін айтты.
Аудан әкімінің орынбасары барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын түсіндіріп, тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешуге тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-де Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*