Төлебиде «Қыс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

1-2 қараша күндеріне жоспарланған «Қыс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары болды. Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бакытғали Қырғызбайұлы Есіркепов «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында Төлеби ауданы әкімдігінің ғимаратында оқу-жаттығудың 1-ші күнін өткізді.
Оқу-жатығу барысында қыс кезеңінде төтенше жағдайлар (ТЖ) қауіпі және туындауы кезіне арналған міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне ауыстыру, қысқы кезең жағдайындағы ТЖ жоюға АҚМЖ және халықтың әзірлігі мен мүмкіндігі деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысында үйлесімділікті жетілдіру, қысқы кезеңдегі ТЖ-ға қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*