Төлебилік төтеншеліктер қысқа сақадай сай

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев подполковник Б.Есіркеповпен оқу-жаттығуға қатысқан бөлімшелердің техникаларын, құрал — жабдықтарын және басқа да қажетті мүліктерінің әзірлігін қарап шықты.
Атап айтқанда, аудандық тұрғын-үй комуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімі, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ, Аудандық ішкі саясат бөлімі «Қазақтелеком» АҚ ОҚО ТД Төлеби біріккен өндірістік телекомуникация торабы, аудандық кәсіпкерлік, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, Аудандық емхана мен аурухана, Төлеби аудандық кәсәпкерлік бөлімі, Аудандық ветеринария бөлімі, ауылшаруашылық және жер қатнастары бөлімі, аудандық Ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімі.

Оқу-жатығу барысында қыс кезеңінде төтенше жағдайлар (ТЖ) қауіпі және туындауы кезіне арналған міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне ауыстыру, қысқы кезең жағдайындағы ТЖ жоюға АҚМЖ және халықтың әзірлігі мен мүмкіндігі деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысында үйлесімділікті жетілдіру, қысқы кезеңдегі ТЖ-ға қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*