Төлебидің әкімі азаматтарды қабылдады

29 қазан күні аудан әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Төлебиліктер жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй кезегі, газ, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері туралы, сондай ақ, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тұрғындардың мазасын алып жатқан кәсіпкер жөнінде шара қолданылса екен деген өтініштерін айтты.
Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын түсіндіріп, орынбасарларымен тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешуге тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-де Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*