Төлебиде тұмау ауыруының алдын-алу жұмыстары пысықталды

Төлеби ауданында алдағы уақытта жедел респираторлық вирусты инфекцияның және тұмау ауруларының алдын алу,емдеу жұмыстарын жүргізу жоспар бойынша іске асыру қадағаланып отыр.
Осыған орай мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров Мемлекеттік қызметкерлергеде егпе егудің жолын қарастыру керек екендігін ұсынды.
Баяндамалар барысында аудан әкімі Бауыржан Омарбеков тиісті мекеме басшылары мен қала ауылдық әкімдеріне сұрақ қойып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауды тапсырды.

Сонымен қатар, айта кету керек жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның тиісті мекеме басшылары шақырылған.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Ауданның 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Ашрапов Мансурбек Жаналиұлы баяндады
Қала және ауылдық окургтердің бюджетіне түсетін салықтары, Жеке тұлғалардың табыс, мүлік, жер салығы, Заңды тұлғалардың көлік, жер салығы туралы слайдпен көрсетіп, жеке тоқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*