ТАСҚЫН СУ ӨЗ АРНАСЫМЕН АҒАТЫН БОЛАДЫ

Бүгінгі жұмыс күнін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Киелітас ауылдық округін аралаумен бастады, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақа айтқанда, күні бүгінге дейін Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қаражол, Қызылжар көшелерінің тұрғындарын көктемгі, күзгі мезгілдерде жауынның толассыз жаууынан көше бойы суға толып, халықты әбігерге салып келген. Ленгір қаласының Жаңа құрылыс поселкесіне жүргізілген суағар жүйесін Ленгір-Бірінші Мамыр тас жолының қиылысынан Қаражол, Қызылжар көшелерінің бойымен Бадам өзеніне дейін 700 метрге су ағар жүйесін салуға алдағы уақытта қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа және Киелітас ауылдық округінің әкімі Полат Төребековке Достық елді мекеніндегі №16 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан өтетін «Зелёный клин» каналына қойылған үш дана құбырды заң аясында реконструкция жасап, су өткізу қабілетін арттыру тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*