Төлеби ауданының әкімдігі мал бордақылау алаңының инфроқұрылымын салып бермек

Төлебиде мал шаруашылығын дамытуда Киелітас ауылындағы ескі ферма орнындағы төрт гектар жерге, бірегей типтік мал бордақылау алаңшаларын соғу бойынша аудан басшысы Бауыржан Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа, ауылдық округтің әкімі Полат Төребековке, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұхтар Өсербаевқа елді мекен тұрғындары мен шаруақожалық төрағаларының басын кооперавтивке біріктіріп, мал бордақылау алаңшаларын соғуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Әкімдік өз кезегінде, мал бордақылау алаңшаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді өз мойнына алатын болады.

Сонымен қатарудан әкімі Ақайдар ауылында құрылысы басталған жаңа модульдік медициналық пунктінің жай-күйін көрді. Қазіргі таңда, Ақайдар елді мекеніндегі медициналық пунктің дәрігерлері жеке меншік үйде жалға отырып халыққа ем көрсетуде. Осы орайда, 503 ауыл тұрғындары жыл соңына дейін заманауи жаңа модульдік медициналық пунктте ем қабылдайтын болады. Аудан аумағында 7 модульдік медициналық пункттер соғылып жатыр.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*