Төлебиде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті

Төлеби ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті. Комиссияда Төлеби ауданы әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы төрағалық етті. Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров, Төлеби ауданы прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Даулет Бекбашұлы Тлемисов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесінің бастығы Айдар Нұрланұлы Шагирбаев қатысты.
Сондай-ақ, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары шақырылған.
Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы бойынша 2018 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бекболатов Ержан Тлемисұлы “Төлеби аудандық құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндама жасады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Аманова Роза Сәрсенбекқызы білім саласы бойынша баяндады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек Жақсыбекұлы 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша слайдпен баяндама жасап “Жебе” драмалық ұжымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сахналық қойылымы жайлы айтып өтті. Баяндама барысында аудандық прокурор Д.Тлемисов аталған қойылымды алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің алдында көрсетуді ұсынды.
Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Дарибаев Досымжан Кудайбергенұлы Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы слайдпен баяндама жасады. Баяндамада әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ұрлық және т.б. қылмыстардың алдын алу тақырыбында құзырлы органдарымен және діни бірлестіктермен өткізілген кездесулерінде айтты.
Киелітас ауылдық округінің әкімі Төребеков Полат Аширбекұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі аудан әкімдігінің 03.08.2015 жылғы №551 қаулысына сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және аудан әкімдігінің 29.08.2018 жылғы №535 қаулысына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары туралы слайдпен баяндама жасады.
Әр баяндама соңында, баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*