Төлебиде Елбасы жолдауын насихаттау бойынша кездесулер өтті

Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор.
Жалпы жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер өткізілетіндігі белгілі.
Соған орай бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Қаратаев Фахридин Әбдінәбиұлы келіп,Төлеби ауданы Кемеқалған және Алатау ауылдық округтерінде насихаттық жұмыстар жүргізді.
Жиынды аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ашып, жүргізіп отырды.
Баяндама барысында Қаратаев Фахридин Әбдінәбиұлы жолдаудың әр бөліміне өз тәжірибесінен тоқталып, халыққа қарапайым тілде түсіндірді.

Сондай-ақ, кездесуге мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов, аудандық және бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың өкілдері және ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесу соңында жергілікті тұрғындар мәжіліс депутатына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Сонымен қатар, ауылдың қариялары халыққа осындай насихаттық жұмыспен келіп, пікір алмасып жатқан Фахридин Әбдінәбиұлы мен аудан әкімі Бауыржан Бақытұлына алғыстарын, ақ тілектерін айтып, баталарын берді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*