ТӨЛЕБИДЕ ТУРИСТІК АЙМАҚТАР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысындағы Төлеби ауданы табиғаты тамаша таулы аймақтардың біріне жатады. Сол себепті мұндағы туризм саласы жылдан-жылға жақсы қарқынмен дамып келеді. Айта кету керек, бұгінде Төлебиге келушілердің де саны уақыт өте көбейіп жатыр. Күні бүгінге дейін ауданда бірнеше туристік демалыс орталықтары қонақтарға қызмет көрсетіп жатыр.

Дегенмен де, бұл жақ таулы аймақ болған соң, интернет пен телефон байланысытөмен деңгейде екені хақ. Осыған орай, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков осында орналасқан туристік аймақтарды сапалы интернет желісімен қамту туралы «Kcell» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы Б. Шалғынбаевпен, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы және «Beeline» акционерлік қоғамы өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу нәтижесімен аталған интернет операторларымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік және демалыс аймақтарын 2019 жылы I-тоқсанда толық сапалы интернет желісімен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, интернет операторларымен алдағы уақытта Ақмешіт шатқалы және Қасқасу елді мекендерін сапалы интернет желісімен толығымен қамту жұмыстары аудан әкімдігімен бірге жүргізу жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*