Ғалым Тұрсынбаев Төлебиде жиын өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған.
Осы бағыттағы жұмыстарды талқылап, пікір алмасу үшін бүгін Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы арнайы келіп жиналыс өткізді.
Сондай ақ, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары,аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық әділет және мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары, аудандық дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілері, қала, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылары мен БАҚ өкілдеріде қатысты.
Департамент басшысы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көбейтуге қатысты баяндама жасады. Сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға арналған арнайы бейнебаян көрсетілді.
Жиын соңында аудан басшысы Омарбеков Бауыржан Ғалым Сұлтанұлына мекеме қызметкерлерімен пікір алмасуға арнайы келгені үшін алғысын білдірді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*