Төлебидегі мектептердің спорт залдары тұрғындар үшін қол жетімді

Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы, мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы мен дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы Мадияр Құрбаналиев және БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі спорт залдарды тиімді пайдалану туралы нақты тапсырмасын орындау мақсатында Бірінші мамыр ауылдық округінің бірінші мамыр мектебі және Ленгер қаласындағы №7 жалпы орта мектептерінің спорт залдарына барып, жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылданып жатқандарын, атап айтсақ волейбол, кіші футбол ойындарын көріп қайтты.
Аудан аумағында әрбір мектеп жанындағы спорт залдарға кешкі 19.00-ден 21.30 ға дейінгі аралықта жергілікті тұрғындардың (жас мөлешерінен қарамастан) спортпен шұғылдануларына толық мүмкіндіктер бар. Кәмілет жасқа толмаған жасөспірімдер кешкі уақытта спорт залдарға ата-анасының жетекшілігімен келуі тиіс. Жергілікті спорт ғимараттарында арнайы бекітілген кестеге сәйкес жауапты мамандардың кезекшілігі ұйымдастырылған.
Ауданымыздағы 52 спорт залдары бар мектептерге тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жоспарының кестесі және ережелері бекітілген.
Жергілікті тұрғындармен аудан басшысы Омарбеков Бауыржан тілдесіп жергілікті елді мекендердегі спорт ғимараттарында спортпен шұғылдану барысында мемлекет мүлкін шығындамай яғни сындырмай, бүлдірмей пайдалануға және арнайы спорт киімімен, жалпы қауіпсіздік ережелерін ұстанып шұғылдануға шақырды.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*