Насихаттық топ Төлеби ауданының ауылдарын аралап жиындар өткізіп жүр

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру мақсатында насихаттық топ құрылып, бүгінде насихаттық топ Төлеби ауданына қарасты Ленгер қаласынан бөлек Бірінші мамыр , Көксәйек ауылдық округтеріне іс сапармен барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор.
«Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық», — деген болатын Елбасы жолдауында. Айта кетейік, биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*