Димаш, Ресейдің федералды арнасының тікелей эфирінде композитор Игорь Крутойдың әнін шырқады (видео)

Қазақ халқының мақтанышы, қайталанбас талант иесі, әнші Димаш Құдайбергенов, Ресейдің НТВ телеарнасындағы «Центральное телевидение» ақпараттық-шоу бағдарламасына қонаққа келді.

Димаш, студияға шықпас бұрын НТВ арнасы көрермендеріне ол жайлы қысқаша репортаж ұсынды. Онда ресейлік әріптес, қазақ әншісінің қайталанбас даусына түрлі тәжірбиелер жасайды. Отандасымыздың табынушылары арасында қыздардың көп екенін ескеріп, Димаш даусының нәзік жандыларды қаншалықты қоздыратынын анықтап көрген. Қызықты репортаждан кейін Димаш Құдайберген, әйгілі ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірге федералды арнасының студиясына шығып тікелей эфирде, жанды дауысты «Любовь уставших лебедей» әнін айтты. Бұл туындыны Крутой, Димаш үшін жазғанын ерекше айта кеткен жөн.

Ал, Димаш салған әннен студия көрермендері қандай әсер алғанын, видеодан тамашалай аласыздар!

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*