МАҚТАЛЫ МАҚТААРАЛДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ДҮБІРЛІ ТОЙЫНА КЕЛІҢІЗДЕР!

Қадірменді жерлестер!
Түркістан облысының тұрғындары!
Мақтаарал ауданының 90 жылдығы мерейтойына арналған 2018 жылғы 16, 17 және 18 қараша күндері мерекелік іс-шаралар жоспарлануда. Барлығыңызды мерейтойымыздың құрметті қонағы болуға шақырамыз!

БАҒДАРЛАМАСЫ:

16 қараша. Мырзакент кенті.
10:00-11:00. «Ақ алтын» мәдениет үйінде ауданның 90 жылдық мерекесінің ашылу салтанаты.
11:00-12:00. «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Терме – бойтұмарым» атты термешілер байқауы.
11:30-12:30. Кенттің орталық алаңында күзгі жиын-терім науқанының қорытындысына бойынша «Алтын күз – 2018» іс-шарасы.
12:30-15:30. «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында Қазақ мақтасының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Атакент кенті).
12:30-13:30. Кенттің орталық алаңында Жетісай ауданы өнерпаздарының «Мырзашөлім – мырза елім» атты концерті.
13:00-15:30. Кенттің орталық алаңында «Палау фестивалі» іс-шарасы.
14:30-16:00. Кенттің орталық алаңында жастар арасында жайдарман ойындары.
16:00-18:00. Кенттің орталық алаңында аудан өнерпаздарының мерекелік концерті, отшашу шоуы.

17 қараша. Атакент кенті.
11:00-12:30. «Алпамыс батыр» стадионында Түркістан облысы бойынша тауар өндірушілер мен қолөнершілер көрмесі.
11:00-12:45. «Алпамыс батыр» стадионында аудандағы орта білім мекемелері өнерпаздарының ән шашуы.
12:30-13:30. «Алпамыс батыр» стадионында «Бауырсақ фестивалі» іс-шарасы.
12:45-14:45. «Алпамыс батыр» стадионында облыс басшылығының қатысуымен өтетін Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерекесіне арналған концерт.
15:00-16:00. «Алпамыс батыр» стадионында жастар арасындағы ұлттық ойындар жарысы.
17:00-19:00. «Алпамыс батыр» стадионында Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Мақтааралым – мерейлі мекенім» атты гала концерті.

18 қараша. Мақтаарал ауылдық округі.
12:00-19:00. Ұлттық көкпар ойыны.

Құрметпен,
Мақтаарал ауданының әкімдігі

Ұйымдастыру алқасы:
Тел. 87077920262 (ватсап).

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*