Түркістан облысында 300-ге жуық адам jumys.sitcen.kz жүйесі арқылы жұмысқа тұрған

Биылғы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне айрықша тоқталды. Түркістан облысында қазірдің өзінде мектеп мұғалімдерінің құрамдық сапасын арттыру және жұмысқа қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін жою мақсатында облыстағы 902 (100%) мектебінде

Биылғы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне айрықша тоқталды. Түркістан облысында қазірдің өзінде мектеп мұғалімдерінің құрамдық сапасын арттыру және жұмысқа қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін жою мақсатында облыстағы 902 (100%) мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі орнатылды.

Аталған жүйемен жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдау және мектеп директорларын конкурстық тағайындау барысы автоматтандырылды.

Сонымен қатар, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары туралы хабарламалар орналастырылады және осы жүйемен қабылданады. Бүгінгі күнге жүйе қызметі арқылы 933 бос жұмыс орны жарияланып, 285 адам жұмысқа орналасты. Жүйеде 648 бос жұмыс орны туралы хабарлама тұр.

Бүгінгі күні жүйеге 61 373 қолданушы тіркелген, 2 718 өтініш келіп түскен.Атап өте тін жаңалықтың бірі, осы Түркістан облысынның білім саласында енгізілген JUMYS.SITCEN.KZ жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен республикада ең үздік жүйе ретінде таңдалып, қазір басқа өнірлерге тарату мәселесі қолға алынуда. Жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беретін                                      32 532 педагогтың айлық жалақысына қосымша 30% қосылған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*