Түркістан облысында 8 мыңға жуық зейнеткер сауықтыру кешендеріне жолдама алған

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерді  әлеуметтік қолдау бойынша ағымдағы жылы барлық бюджеттер есебінен 8,6 млрд. теңге қаралып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 64 мыңға жуық техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша 7800 зейнеткер басқармаға қарасты «Ардагерлер» және «Мейір» сауықтыру кешендеріне жолдама алған. 80 жастан асқан жалғызілікті 310 қарияның  зейнетақыларына ай сайын жергілікті бюджет есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.  Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен мұқтаж азаматтардың 99,7 пайызы  қамтылған.
Сонымен қатар, шартты ақшалай көмек алушылардың өз кәсібін ашу үшін кіші бизнес жобалар әзірленіп, нәтижесінде 15 127 отбасы 17 мыңға жуық ірі қара мал және 14 500 уақ мал алып, 1689 отбасы құс шаруашылығымен шұғылданып отыр. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы жалпы 15 127 отбасы ішінен 2580 адам өз ісін ашқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*