ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНАН ДЕЛЕГАТТАР КЕЛДІ

Жетісай ауданына Павлодар облысы Железин ауданынан бір топ делегат келіп, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Ондағы мақсат – халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданының халқына ерікті түрде көшуге үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізу.
Кездесуге Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Павлодар облысы Железин аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы Қайрат Ибрагимов, Павлодар облысы Алакөл ауыл округінің әкімі Нурполат Идирисов, Железин ауданына қарасты Абай жалпы орта мектебінің директоры Құралай Мухамеджанова, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов және ауданымыздағы жоғары оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында делегаттар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, олар студент жастардың сауалдарына жауап берді.
Мұнан соң делегаттар Жаңаауыл, Жылысу, Қазыбек би, Қарақай, Атамекен, Ынтымақ, Мақталы, Қызылқұм, Абай, Ж. Ералиев, Ш. Ділдабеков округтері мен Асықата кентіннің тұрғындарымен де кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізді.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*