КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Биығы жылдың 13 қарашасында Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде 2018 жылғы 10 ай қорытындысы бойынша аудан бюджетінің игерілуі туралы мәселе кеңінен қаралды.

Сонымен қатар, аудан бойынша салық базасын нығайту, 2018 жылдың 10 айында ауыл және ауылдық округтерінде төртінші деңгейлі бюджеттің салық түсімдерінінң орындалуы ( көлік, және мүлік салығы ) туралы, аудан бойынша сайлаушылар санынын нақтылауда талқыға түскенін айта кеткен жөн. Мұнан бөлек, сайлау комиссиялары құрамдарын жасақтап, ретке келтіру жұмыстары бойынша мәселелер қаралды. Айта кету қажет, бүгінгі жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері, аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары, аудандық полиция бөлімі басшысы, аудандық электр жүйелері мекемесінің басшысы, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы аудандық бөлімінің басшысы және де аудандық аурухана басшысының орынбасары қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*