ШЫМКЕНТТЕ «SMART SQUARE» ЖҰМЫСЫ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Шымкент қаласына іс-сапармен келді.  Олжас Абайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмысымен танысты.

Таныстырылым барысында қала әкімнің орынбасары Д.Жумин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының бастығы М.Қарымсақов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Қ.Нұрманбетов, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Олжас Бектенов Елбасы Жолдауында Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы арқылы мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей қарым-қатынасын азайту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес ел дамуының бір бағыты болып табылатындығын атап өтті.

«Студенттерге қызмет көрсету орталығы — бұл қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын, мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлық жолдарын алдын-алатын, білім беру сапасын арттыратын және академиялық адалдық қағидаттарын насихаттайтын университеттің қызмет орталығы» — деп атап өтті орталық директоры П.Байнеева.

Орталықтың жұмысы «бір терезе»қағидаты бойынша құрылған.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының мақсаты «бір терезе» қағидасы бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсету үшін жағдай жасау және білім алушыларға оқу-білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-тынығу бағыттарындағы қызметтерін ұсыну болып табылады.

Анықтама үшін орталықта 200-ге жуық түрлі қызмет көрсетіледі, онда бір уақытта 50 адамға қызмет көрсетіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*