ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ «MEGA CITY» КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының орталығы — Түркістан шаһарында «Mega city» ойын-сауық кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Қаланың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» айналма жолы бойында орналасқан сауда орталығының аумағы 15000 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 
Іргетасы 2014 жылдан бастап қалана бастаған сауда үйінің жалпы құны 2,5 млрд теңге. Нысанның негізгі бағыты ойын-сауық, сауда орындарына арналған.
Тәулігіне 800 адамға дейін қызмет көрсетуге ыңғайластырылған ғимарат толықтай жұмысына кіріскенде жергілікті 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туындайды.
«Mega city» ойын-сауық кешені заманауи талаптарға сай бой көтерген. Онда көпшілікке арналған тамақтану орындары мен «MegaCinema» кинотеатры, балалар үшін соңғы үлгідегі автоматтандырылған ойын атракциондары бар. Сонымен қатар, гипермаркеттер де қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*