Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Кентау қаласына әкімі қызметіне Рысбеков Ғани Құрмашұлы тағайындалды – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Кентау қаласы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұсынған кандидатурасын тағайындауға қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан келісім берді. Мұнан соң, қала әкімдігінде актив жиналысы өтті. Онда облыс өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, Кентау қаласының әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Ғани Рысбековты көпшілікке таныстырды. Рысбеков Ғани Құрмашұлы 1962 жылы сәуір айының 8 жұлдызында Түркістан қаласы, Үшқайық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1986 жылы Ауыл шаруашылық Целиноград университетін,   2005 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік      университетін бітірген. Мамандығы Агроном және қаржы саласының бакалавры. Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған Ғани Құрмашұлы ендігі жерде Қаратау тәжі атанған Кентау қаласын басқарады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*