Шымкентте коммуналдық қызмет құны қанша пайызға төмендейтіні белгілі болды

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық қызмет бағасы арзандайды, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі  ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің үшінші мегаполисінде газ, жарық, ауыз су, жылу, кәріз жүйелерінің қызмет көрсету құны алдыңғы жылдармен салыстырған бірнеше пайызға төмендейді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов айтты.
«Қаңтар айынан бастап Шымкент қаласында жылу бағасы 17%, жарық 6,8%, ауыз су 10%, кәріз жүйесі қызметі 10%, көгілдір отын 3,3% төмендейді», — дейді Нұрлан Әмірбекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*