Енді Шымкент базарларындағы саудагерлер ХҚКО-на барып әуре болмайды

Осы уақытқа дейін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары Шымкенттің барлық мемлекеттік органдар, университеттер және колледждер мен мектептерде жұмыс істейтін. Енді 22 қаңтардан бастап, қаланың халық көп шоғырланған «Қырғы базар», «Айна базар», «Самал базар», «Авто-Нұр базар», «Тұлпар базар», сауда орындарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмысын бастады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Шымкенттіктерге сауда орындарындағы стационарлық бекеттер аптаның бес күнінде сейсенбіден сенбіге дейін, таңғы 09:00 мен кешкі 18:00 аралығында қызмет көрсететін болады. Ал, жексенбі мен дүйсенбі күндері демалыс. Қазірде әр бекетке 2 маман бекітілген. Мұнда келгендер электронды анықтамалардың 598 түрін ала алады.

«Стационарлы бекеттерде өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды. Бұл жерде біз халыққа насихат жүргіземіз. Мұнда электронды анықтамаларды үш жолмен алуға болады. Оның біріншісі — электронды цифрлы қолтаңба арқылы, екінші — «смс» арқылы базаға бір реттік тіркелу, үшіншісі — «телеграм-бот» арқылы. Яғни, осындағы халық жұмыс орнын тастамай, ХҚКО-на бармай-ақ осы жерден қызмет түрлерін ала алады», — дейді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Жандос Болат.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*