ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты  Қотырбұлақ елдімекенінен 2020 жылы құны 500 млн долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Ол үшін 245 гектар жер телімі бөлініп отыр. Оның 220 гектары жылыжай кешені болса, ал 25 гектарға дайын өнімді сақтайтын заманауи нысан салынбақ. Жобаны толығымен түркиялық түркиялық Dal Holding Investment Cо., Ltd компаниясы жүзеге асырады. Бизнес-жобаға сәйкес, жылыжай кешенінде қияр, қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі.

Айта кетейік, биыл жылыжайдың қоршау жұмыстары жүргізіліп отыр. 2020 жылы нысан құрылысы басталады. 

 Жоба  іске қосылған соң жылыжайдан  20 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Ал,  толық күшіне енген соң өнім көлемін 40-60 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.  Заманауи жылыжай кешенінде  3 мың  адам жұмыспен қамтылмақ.

      Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*