Түркістан қаласы 2020 жылы 100% газбен қамтылады

 Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев, халық алдындағы есебінде 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылатынын айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал, биылғы жылы рухани астана тұрғындарының 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады екен.

«Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп,  43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд. 271 млн теңгені құрайтын 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды», –дейді қала басшысы.

 Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент  сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*