Сайрамда су жаңа клиника қолданысқа берілді

Енді  ғана еңсе тіктеген су жаңа медициналық мекеменің мүмкіндігі мол. Мұнда науқас жанын дендеген дерттің кез-келген түрін анықтауға болады. Ол үшін диагностикалау аппараты мен емдеу құрылғыларының бәрі бар. Ал, сырқаты сыр берген жандарға хирург, офтальмолог, терапевт сынды жоғары санаттағы дәрігерлер қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта дәрігерлердің біліктілігін арттырып отыру жоспарланған.

«Енді біз жыл сайын  өз дәрігерлерімізді шетелдерде тәжірибелерін шыңдап отыруды жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат — халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету. Сонымен қатар, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелге оқуға жіберіп халыққа қызмет көрсетсек» дейді уролог Азлархан Халметов.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ашылған нысан Қарабұлақ ауылдық округінің халқына медициналық тұрғыдан көмек көрсетуге толықтай әзір. Ол үшін 54 ақ халатты қызмет көрсетеді. Оның 8-і — жоғары санатты дәрігер болса, қалғаны — орта буынды мамандар.

«Қарабұлақ ауылында ашылып отырған бұл бірінші жекеменшік клиника емес, төртінші мекеме. Мұнда емделушілерге барлық жағдай жасалған. Осындай мүмкіндік жасап беріп жатқан Елбасына, облыс басшысына, аудан басшыларына үлкен рахмет айтамыз» дейді Қарабұлақ ауылының әкімі Абдуғафур Абдуқадыров.  

Медициналық мекеме — көпсалалы. Сондықтан сырқаты сыр берген жандар мұнда келіп, мамандардан кеңес алумен қатар, күндізгі станционарда ем де қабылдай алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*