ОҚО-ға Астанадан білікті кардиохирург пен кардиолог келе жатыр

Бүгінде кез-келген адамның «балтыры сыздап, басы ауыратыны» жасырын емес. Десек те, дерт жайлап кеткенше онша мән бере бермейтініміз тағы бар. Қалай десек те, әр адам өз денсаулығына алаңдаумен қатар, жауаптылық танытқаны жөн. Осы мақсатты көздеген Астана қаласынан Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирург, кардиолог, аритмолог мамандары 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққандарға дәрігерлік көмектерін көрсететін болады.

Сондай-ақ, білікті дәрігерлер 25 сәуірде Көксәйек ауылындағы Төле би аудандық орталық ауруханасында, 26 сәуірде Леңгір қаласында Леңгір қалалық ауруханасында күні бойы адамдарды қабылдайтын болады. Ал, 27-28 сәуір күндері Сарыағаш қаласында Сарыағаш аудандық ауруханасында, 2 мамырда Жетісай аудандық емханасында, 3 мамырда Атакент аудандық емханасында, 4 мамырда Асықата аудандық емханасында науқастарға медициналық көмектер көрсетеді. Сонымен қатар, күрделі ота жасауды қажет ететін науқастарды Астанаға алып кетіп, ерекше ем-домдарын көрсететін болады. Тілге тиек етеріміз, білікті мамандардың ақыл-кеңесін алып, аурудың алам деген жанға таптырмас мүмкіндік болғалы тұр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*