Арыста шегірткелерге қарсы жұмыстар қыза түсті

Арыс қаласы бойынша зиянкес шегірткелерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде.

Былтыр Арыстық шаруалардың егіні пісуге таяған тұста шегіртке қаптап қаншама диханды тақырға отырғызғаны естеріңізде болар?  Қазір шаруаларды өңі тұрмақ, түсінде көрсе шошып оянар халге жеткен.

Иә, өткен жылғы сценарий қайталанбас үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберудің әрекетіне кірісті.

Осы орайда, бүгін Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы шектесетін Дермене ауылдық округі аймағына жақын Батыр ата ауылдық округінде Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек пен Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков, ауыл шаруашылығы саласының мамандары және ауыл тұрғындарының қатысуымен шегірткеге қарсы күресті сапалы жүргізу мақсатында жиын өтті.

Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілетін болады.

Шаһар басшысы Мұрат Болатұлы мәселенің өзектілігіне тоқталып, биыл өңірде жауын мол жауып, ылғал көп болғанын, қыстың қатты болмауы зиянкестердің көбеюіне оң әсер бергендігі туралы айтып, зерттеу-анықтау шараларын тыңғылықты жүргізіп, зиянкестерге биологиялық күресті жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*