Арыста шағын кәсіпкерлік қанат жайып келеді

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылда халыққа арнаған Жолдауларының басым бағыттарын кәсіпкерлікті дамытуға арнап келеді. Шаруаларға көптеген жеңілдіктер ұсынылып, мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, мол өнім алуға өз септігін тигізуде.
Осы мақсатта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Мал шаруашылығын дамыту» тақырыбында тәжірибелік «Мастер класс» өтті.
Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша түсіндірілді.
Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелер түсіндірілді.
Курсқа қатысқан Арыс қаласы бойынша барлығы 40 бастауыш кәсіпкерге курстан өткенін растайтын сертификаттар мен кітапшалар табысталды.
Оқу курсына қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпкер атанып еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*