Келер жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталмақ

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығының айтуынша, бүгінде «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауытындағы құрылыс жұмыстарына 4 мыңға жуық маман  тартылған. Оның бір  мыңдайы шетелдік мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытында  жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылдың бірінші жартжылдығына жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев.Шымкентке жасаған іс-сапары барысында «Әрине, үш зауытты жаңғырту жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп отыр. Яғни, жаңғырту несие ресурстарын тарту және аталған зауыттардың өз қаржысы есебінен жүргізілуде. Жалпы жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталса, еліміздегі бензин сапасы жақсарып, дизель және керосин өнімдерінің бағасы тұрақтанатын болады. Ең бастысы — 2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылып, еуразиялық одақтың талаптарына сай өнім өндіре бастаймыз», — деген болатын.

Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясынан ішкі нарыққа тасымалдың 30 пайыздық  тәуелділігі бар. Егер 70 пайыздық  тұтынушылық біздің үш мұнай өңдеу зауыттарының есебінен қамтамсыз етілсе, 30 пайыз отын сырттан әкелінеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*