Арыста ардагерлер спартакиадасы өтті

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жыл толуына орай, Арыс қаласының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанынан құралған аталар және әжелер арасындағы қалалық ІІ-спартакиадасы өтті.


Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсат салауатты өмір салтын жас ұрпаққа насихаттап, ардагерлерді кездестіріп, көңілдерін көтеру болып табылады.
Спартакиаданы ашқан қала әкімі Мұрат Қадырбек жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.


Сайысқа ақсақалдар мен ақ самайлы әжелерден құралған командалар қатысып, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, волейболдан сынға түсті.
Командалық сайыста Арыс қаласының ардагерлері жүлделі І-орынды жеңіп алса, Дермене мен Ақдала ауылдарынан қатысқан ақ самайлы ардагерлер ІІ-орын, Қожатоғай және Монтайтас ауылдарынан қатысқан ата-әжелеріміз ІІІ-орынды қанжығаларына байлады.


Жарыс жеңімпаздары қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс ұйымдастырушылары алдағы уақытта мұндай жарысты облыстық деңгейде өткізуді көздеп отырғандықтарын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*