Димаш Құдайберген «MTV Music Awards»-тың жүлдесіне ұсынылмақ (видео)

Қытайдағы «Singer-2017» байқауына қатысып, күллі әлемге танылған Димаш Құдайбергенді Елбасы қабылдады. Ақорда да өткен кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы, Димашқа ақ батасын берді.

Қолдаймын, табысты бол бір жағынан. Екінші жағынан құдай берген дауысың бар. Алланың берген даусы, оны сақтау керек. Мен саған бата берейін деп шақырдым. Аман-есен бол, болашағың жарқын болсын, бақытты бол!Еліңе қызмет етуге Алла күш-қуат берсін. Талантың одан әрмен өсе берсін» деді Елбасы.

Өз кезегінде, Димаш та мемлекет басшысына қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

«Қытайда байқаудан тыс үш жүлде алдым. Біреуі, «Жылдың үздік әні» деген, екіншісі «халықаралық танымал әнші» деген атақ берді. Және де «Азияның ең танымал әншісі» деген атақ берді. Голливудтық бір киноға соундтрек жаздым. «Болар істің алдын кеспе» деп айтады, бірақ та сіздің алдыңызда айтқым келіп тұр. Алдағы уақытта «MTV Music Awards»-қа бір аталым бойынша ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым, үлкен аренада жанды дауыста концерт беру» деді әнші Димаш.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*