Арыстықтар шегірткеге қарсы ұшақтарды қолдана бастады

Арыс қаласы бойынша зиянкес шегірткелерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде. Шегірткелер былтырғыдай бой бермей кетпес үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберудің әрекетіне кірісті.  Осы орайда, Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы шектесетін Дермене ауылдық округі аймағына жақын Батыр ата ауылдық округінде Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков, ауыл шаруашылығы саласының мамандары және ауыл тұрғындарының қатысуымен шегірткеге қарсы күресті сапалы жүргізу мақсатында жиын өтті.

Сонымен қатар, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты аумақта Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков, Арыс ауданының прокуроры Нүркен Қосбаев, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Е.Әбдіқұлов, облыстық аумақтық инспекциясы және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жауапты мамандары, қала және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерінің қатысуымен шегірткеге қарсы күресті сапалы жүргізу мақсатында жиын өтті.

Қала әкімі Мұрат Болатұлы мәселенің өзектілігіне тоқталып, ағымдағы жылы өңірде жауын-шашын мол болып, қыстың жайлы болуы зиянкестердің көбеюіне оң әсер бергендігі туралы айтып, зиянкестерге биологиялық күресті жоғары деңгейде ұйымдастыруды қатаң тапсырды.

Қазіргі таңда Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға зиянкестерге дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғылармен жабдықталған  4-трактор, 6-ГАЗ-66 жүк көлігі, 9-уазик, барлығы 21 техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*