«Shymkent City» жобасы талай отбасын баспанамен қамтымақ

Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру жұмыстарының барысы да айтарлықтай. Бүгінгі таңда шаһарда 19 көпқабатты үйдің, 1 200 орынды мектептің және басқа да нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр.

         «Shymkent City» жобасы басталып, онда инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен жолдардың, 10 көпқабатты тұрғын үйдің,  49 га саябақтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Шымкентті жасыл қала мәртебесіне айналдыру мақсатында «Шатқалдар» жобасы бойынша 141 га аумақ анықталып, 5 қоғамдық демалыс орындары ашылмақ. Ал тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға беріледі.

Салық түсіміне келсек, 2017 жылдың 3 айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі  72,3 млрд. теңгені құрап, жоспардан 12,4%, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,3% артты. Жергілікті бюджетке 27,4 млрд. теңге түсіп, жоспардан 14,4% және өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,3% артты.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті дамытуға ұсынылатын шағын несие көлемі 2 есеге көбейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*