ОҚО-да «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кеңейтілген отырысы өтті

Оңтүсті қазақстан облысында Тимур Құлыбаев тың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, аймақтық кеңес мүшелері, әулетті мекеме жетекшілері, бизнес-қауымдастықтар, банктер және қаржы институттарының өкілдері, сонымен бірге тауарөндірушілер қатысты.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен 776,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 3-орынды иеленді. Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы басталғалы облыс бойынша Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 206,6 млрд.тг., 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылды. Жалпы, Сіздер құрған кәсіпкерлік нысандары біздегі халықтың белсенділігі және өңірдің жарқын инвестициялық мүмкіндіктерінің дәлелі. Осыған орай, бүгінгі отырыста талқыланатын мәселелер, облыстың белсенді дамуына мол үлесін қосып бизнестің одан әрі Оңтүстікте өркендеуіне жол ашады деп ойлаймын», — деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев. Отырыс барысында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің жиі кездесетін мәселелері сөз болды. Мәселен, бизнесмендер ұн шығаратын өндіріс ошақтары ұнды нөлдік мөлшерде экспорттау кезінде ҚҚС (қосылған құн салығын) қайтып беру мәселесін көтеріп, субсидия беру жайы сынды бірқатар проблемаларды талқылады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы айтылған мәселелердің барлығы палата отырысында қаралып, мәселе шешімі өз нәтижесіне сай шешім табатынына сенім білдірді.
Жер және инфрақұрылым мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірде 11 индустриялық аймақ құрылған. Бұл өндірістік алаңшаларда 170-ке жуық жоба жүзеге асырылып жатса, оның 66-сы қазір жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, тоқыма кластерін дамыту мақсатында Арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қазіргі таңда онда жалпы 14 жоба жүзеге асырылуда, 10 жоба іске қосылған. Ал кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы жұмыс жасауда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 37232 қызмет көрсетілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*