Қызылсудан да қайыр бар

Егер көктем кезінде арнасы кезеріп, қуарып тартылып жатқан өзендерге мол су келсе, бұл құттың басы деп есептей беріңіз. Бұл арадағы бүгінгі басты мақсат – тегін ырыс пен ылғал көзін зая кетірмей – оны ел игілігіне пайдаланып қалу болмақ.

Осы ретте, ОҚО әкімі Ж.Түймебаев өңірдің өндірістік бағыты ауылшаруашылығы екенін ескере келе, тасқын суларды жинауға, көлтабандарды, тоғандарды, бөгеттерді тасқын сулармен толтыруға, көктем-жаз кезінде су жинауға және оны үнемдеп жұмсауға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыру мәселесін өткір түрде қойды. Су тасқынына қарсы шаралардың мән-жайы талқыланған жиында аудан әкімдері Сырдария өзеніндегі және Көксарай реттегішінде толған суды ауылшаруашылығы бағытына қолдануға мүмкіндік беретін жобаларымен таныстырды. Нәтижесінде суармалы жерлерді ұлғайту жайы да кеңінен сөз болды. «Келешекте су тасқынының болдырмау және көктемгі мезгілдегі тасқын суларды тиімді пайдалану үшін табиғи ыңғайлы сайларды тоған ретінде қолдануға, тиісті бөгеттерді салуға қала, аудан әкімдері мен тиісті мекемелер нақты ұсыныстар енгізсін.Тасқын болуы мүмкін өзен аңғарларына жақын маңға қора салынбауын да қадағалау қажет»,- деді Жансейіт Қансейітұлы Облыс басшысы бойынша географиялық табиғи ойпат жерлерден су қоймасын жасау мүмкiндiктерiн қарастырып, көктемдегi тасқын суды жинап, жазда оны егiстiк алқаптарға тиiмдi пайдалану жөнiнде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Отырар ауданында Маяқұм ауылындағы «Шыбықбел» атанып кеткен сайды су қоймасы ретiнде пайдаланып, қызыл суды Бақтыбай каналы арқылы осы сайға құю мәселелерi бойынша тиiстi жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.Бүгінде аталмыш су қоймасында 7 миллион текше метр су қоры бар. Мұның өзi жаз мезгілінде Маяқұм ауылындағы 1200 гектар жердi су тапшылығынан аман алып қалады екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*