ОҚО-дан ЭКСПО-2017 көрмесіне ұн және ұн өнімдері жеткізіледі

Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын  Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер өндіріледі.  Сапасы  жоғары,  бағасы  төмен  болғандықтан өнімге деген сұраныс аса жоғары. ЭКСПО көрмесіне орай, бүгінде кәсіпорын өнім  көлемін 20 пайызға  ұлғайтқан. Көрме қонақтарын  тәттілермен тамсандыру  үшін  аянбай еңбек етіп жүрген зауыт жұмысшылары Астанаға 1070 тонна ұн мен нан өнімдерін жөнелтпек. Ұйымдастырушылардың шешімімен ЭКСПО-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстаннан жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері қонақтарға жәрмеңке түрінде алты рет ұсынылатынын айта кеткен жөн. Яғни, алғашқы лек – Оңтүстіктің тіл үйірер тәттілерінің жәрмеңкесі елордада 13-14 мамыр күндері ұйымдастырылады. Өнімдерді Астана қаласына тасымалдауға 25 автокөлік дайындалып, арнайы кесте түзіліп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Шымкенттен Астанаға 10 мамыр күні жолға шығатын болады. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*