Зиялылар мен ғалымдар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

Бүгінде көпшіліктің қызу талқысына түсіп жатқан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы маңызға толы болып тұр. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның рухани жәдігерлері» («Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы») бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері» атты сараптамалық талқылау болды.


Ең алдымен сарапшылар бағдарламалық мақалада ұсынылған «Қазақстанның рухани жәдігерлері» («Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы») жобасына тоқталды. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Берік Әбдіғалидің пікірінше, тарихи ескерткіштерді зерттеу мен Қазақстанның қасиетті жерлерін аралауды насихаттау қажеттілігі, әсірісе жастар арасында жүргізгені жөн саналды. Оның ойынша, бұл жоба ұлттық бірегейлікті сақтап қалудың бірден-бір маңызды құрамдас бөлігі.

Сонымен қатар, жиында жобаны талқыға салған еліміздің еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі Есенқарақызы, ОҚПИ-дің «Қазақстан және әлем тарихы» кафедрасының профессоры Сағынғали Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөнінде орталықтың бөлім меңгерушісі Хамит Тәджиевте өз ойларын ортаға салды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*