Қазығұртта жастар саябағы ашылды

Қазығұрт ауданындағы Шарапхана аулында Жастар саябағы бой көтерді. Жалпы аумағы 2 гектрадн асатын демалыс орнына 1070 түп ағаштар отырылғызды. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде  240 түп қырым қарағайы, 160 түп европалық қарағай, 80 түп жай қарағай, 70 түп емен, 560 түп Түркістан аршасы (можжевельник). Егілген ағаштар тамшылатып суғару әдісімен суғарылады.


Cонымен қатар, 2 гектар жер темір шарбақтармен қоршалып, қақпасы орнатылған. Мұнан өзге саябаққа 20-ға жуық  демалу орындықтары қойылыпты. Демалыс орнын кешкісін жарықтандыратын 30-ға тарта жарық беру фонарлары орналастылды. Сондай-ақ 1000 метр шаршы метр жерге жол жиектік тастар (брусчатка) төселіп, 50 метр көтерілетін баспалдақтар да жасалған.


Саябақты салу жұмыстарына  50 миллион теңге ге жуық қаржы жұмсалған. Айта кету керек демалыс орны демеушілердің қаражатына салыныпты. Нақтырақ айтқанда, «Самат» шаруа қожалығының тікелей қолдауымен «Түгейболат» қайырымдылық қоры атқарып келе жатқан жұмыстарға – 25 миллион, көшет алуға – 10 миллион, құрылыс жұмыстарына – 15 миллион теңге қаржы жұмсалған.

авторы: Әсет Әссанди

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*