«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 372 шақырымынан астамы ОҚО аумағынан өтеді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Мыңжасаров Нұрболдың айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің облыс арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 372,5 шақырымды құрайды екен. Маман бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бапсаөз брифингінде хабарлады.         «Облыс аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізінің  бөліктері 2016 жылы Шымкент-Тараз, 2017 жылы Шымкент-Ташкент бағыттарының құрылысы толығымен аяқталуы жоспарланған. Осыған орай, қазіргі таңда, жол бойындағы құрылыстардың заңдылығын сақтауды бақылау және реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлінген белдеу шегінде (70м.) ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады»,-дейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Нұрбол Мыңжасаров мырза.

Сонымен қатар мамандардың айтуына қарағанда, автодәліз бойындағы жеке тұрғын үйлердің қас-келбеттерін жаңалау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізіліпті. 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін  Ұлттық стандартқа сәйкес барлық нысандардың құрылыс заңдылықтарын сақтай отырып, талапқа сай болуын қамтамасыз ету көзделуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*