ОҚО СЕЙСМИКАЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ САМАН ЖӘНЕ ҚАМ КІРПІШТЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігі 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ-не сәйкес, сейсмикалық аудандарға жатады және құрылыс алаңшаларының сейсмикалығы 7-8 балды құрайды.

Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы міндетті түрде жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін келесі әрекеттер жасалады:
— Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу (сәулет және қала құрылысы бөлімі);
— Жобалауға лицензиясы бар мекемеге үйдің жобасын әзірлеу;
— Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс жүргізуге тиісті лицензиясы бар мердігер мекемемен, авторлық және техникалық қадағалауды жүргізетін тұлғалармен келісім шарт жасау;
— Тұрғын үй құрылысын бастау туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына хабарлама беру.

1. Ғимараттар іргетасы (фундамент) конструкциялық шешімдері.
1) Ғимарат планда төрт бұрышты формада болу керек. Планда қабырғалардан шығыстарға (выступ) және құламаларға (перепад) жол берілмейді;
2) Ғимараттар іргетасы монолитті темір-бетоннан қиылысқан ленталы түрде орындалады;
3) Монолитті іргетас цоколь бөлігі топырақтың табиғи деңгейінен кемінде 0,3 м биік болу керек;
4) Іргетаста қабырғаның екі жағы бойынша армосеткаларды бекіту үшін арматура стерженьдері шығарылып қалдырылуы керек;
5) Горизонтальды гидроизоляциялауды цементті қоспамен қалыңдығы 2 см-ден кем болмау керек. Бұл жұмысқа рулонды материалдарды қолдануға болмайды;
6) Іргетасты орнату тереңдігі нақты топырақты және климаттық шарттарға сәйкес қабылданады;
7) Еден астында вентиляцияны қамтамасыз ету үшін, іргетастың цоколь бөлігінде тесіктер қалдырылу керек;
8) Ғимарат іргетасі периметрі бойынша қиыршық тасты төсеніш үстіне ені 0,8 м-ден кем болмайтын бетонды жолақ (отмостка) орындалады.

2. Тіреуіш қабырғалары (несущие стены) саманнан және қам кірпіштен тұрғызылатын ғимараттарға қойылатын талаптар:

1) Ғимарат биіктігі 1 қабатты болу керек;
2) Құрылыс алаңының сейсмикалығы 6, 7 және 8 балл болғанда тіреуіш (несущий) қабырғалары саманнан және қам кірпіштен тұрғызылатын ғимараттар құрылысына төмендегі іс-шаралар орындалғанда жол беріледі:
— 7, 8 балдық көрсеткіште қабырғаның екі жағынан армосеткалы жоғары берікті сылақ орындау;
— 7, 8 балдық көрсеткіште жабында тақтадан біржақты диагональды төсеніш (настил) орындау;
3) Тіреуіш қабырғалары саманнан және қам ғимараттар қабырғаларын қалау кезінде бірқалыпты тізбекті (бірқатарлы) байланыспен, тік аражіктері жоғарғы қатардағы бүтін саман блогымен жабылатын болып қалануы керек;
4) Қабырғалар қалау кезінде тік, көлденең және ұзына бойы аражіктер қоспамен толтырылуы керек. Қабырғаларды саманнан және қам кірпіштен қалау кезіндегі аражіктер қалыңдығы 1 см-ден кем болмауы керек;
5) Ауаның температурасы минустық деңгейден төмен болғанда қабырғаларды саманнан және қам кірпіштен қалау жұмыстарына жол берілмейді.

3. Тіреуіш қабырғалары саманнан және қам кірпіштен тұрғызылатын ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдері.

1) Қабырғалар биіктігі еден деңгейінен тосынның (балка) төменгі бөлігіне дейін 3,0 м-ден аспау керек;
2) Қабырғаларды қалау қалыңдығы 40 см-ден кем болмауы керек;
3) Ғимараттарда қапталдағы (торцевые)сыртқы қабырғалармен және ішкі көлденең қабырғалармен байланысқан ұзына бойы ішкі қабырғалар саны 1-уден кем болмауы керек;
4) Ішкі көлденең қабырғалардың осьтері арақашықтығы: 7 балда -12 (9) м, 8 балда 9(6) м болу керек;
5) Көлденең және ұзына бойғы (поперечные и продольные) қабырғаларда шатырлы-жабын деңгейінде тік бұрышты кесінде, үздіксіз армированиемен антисеймикалық темір-бетонды белбеулер орнатылады;
6) Антисейсмикалық белбеулер қабырғаның толық қалыңдығы бойынша орнатылады. Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 50 см және одан жоғары болғанда сейсмикалық белбеулер қарға қалыңдығынан 20 см аз етіп орнатуға болады;
7) Антисейсмикалық белбеулерде мауэрлатты бекітуге диаметрі 6 мм анкер болттары қалдырылады;
8) Терезелер орындары ені 1,5 м-ден аспау керек;
9) Терезелер мен есіктер орындары қабырғалар ауданының 30 %-нан асапау керек;
10) Вентиляциялық каналдар мен пеш құдықшаларын қабырғаларда орнатуға жол берілмейді. Оларда өзгеше қораптармен орындау ұсынылады;
11) Пеш құбырларын шатыр жабыны үстінен күйген кірпіштен қалау немесе асбестоцементті құбырдан орнату ұсынылады;
12) Қабырғалардың сыртына шығып тұратын саманды блок мен қам кірпіштен карниздер орнатуға жол берілмейді;
13) Бөлмеаралық қабырғаларды каркасты конструкциялы жеңіл материалдардан дайындау ұсынылады.
14) Жабын тосындары (балки перекрытия) арақашықтығы 1,0 м-ден аспау керек;

Аталған талаптарды сақтамай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген жағдайда — «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілік қаралғандығын ескертеміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*