Сарыағашта Ұлы жеңістің 72 жылдығы мен 7-мамыр мерекесі қатар тойланды

Сарыағаш ауданында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы мерекесіне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Мерекелік іс-шарада Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен аудандағы әскери бөлімдердің сарбаздары, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ мемориалына» гүл шоқтарын қойып, 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан аталарымызды 1 минуттық үнсіздікпен естеріне алды.


Іс-шараға арнайы қатысқан облыстық маслихат депутаты Әбілқасым Досполов және аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен сарбаздарды мерекемен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сұрапыл соғыста, майдан даласында қан кешіп, отанына оралған және орала алмай фашистер қолынан қаза тапқан  аталарымыздың ерлігі бүгінгі өскелең ұрпақ жадынан өшпесі анық. Себебі, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған сол батыр ардагерлер деп білеміз.

Сарыағаш ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*