ОҚО-да мейіргерлердің көмегімен ана өлімі 47 пайызға азайды

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шарада құрмет көрсетіліп, еселі еңбектеріне алғыс білдірілген орта буын медицина қызметкерлерінің өздері де денсаулық сақтау саласында еңбек еткен ардагер апаларына ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Опера және балет театрында Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен кешке облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков қатысып, облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың құттықтауын жеткізді.


– Күн-түн демей, қай уақытта болса да алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын тұратын мейіргерлердің сырқаттанып келген тұрғындардың сауығып кетуіне қосып жатқан үлесі өте үлкен – 80 пайыз! Орта буынды медицина мамандарының көмегімен облыста биылғы бірінші тоқсанның қорытындысында ана өлімі 47 пайызға, бала өлімі 18 пайызға азайды, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.
Басқарма башысының айтуынша, жыл сайын облыс тұрғындарының 438 мыңы ауруханада ем алады. Әрбір азамат жылына кем дегенде 4 реттен емханаға қаралады. Ал, жедел жәрдем көмегіне 1 миллионнан астам адам жүгінеді. Тұрғындарына көрсетілетін осындай медициналық көмек түрлерінің қашанда сапалы болуына облыс бойынша 22 мыңнан астам мейіргер қомақты үлес қосып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*