Мейірбикелерге демалыс орындарына жолдамалар табысталды

12-мамыр мейірбикелер күніне орай, мейіргерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалдары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары, «Нұр Отан» партиясының грамоталары табысталды. Олардың қатарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамоталарымен, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталған мейірбикелер толықтырды.

Жыл сайын мереке қарсаңында өтетін медицина мамандары арасында ең үздіктерді таңдау сайысы биыл да жалғасын тапты. Дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары 2017 жылдың үздік мамандары арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұлардан бөлек сайысқа қатысқан 30 медицина маманына «Ақсу-Жабағылы», «Біркөлік» және «Денсаулық» шипажайыларына жолдамалар табыс етілді.

Облыстың денсаулық сақтау саласына тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Жыл сайын медициналық мекемелер жаңарып, жаңа ғимараттар ел игілігіне беріліп жатыр. Мамандар тапшылығы азайып, медицина қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру жолға қойылған. Бюджет есебінен жыл сайын 6 мыңнан астам медицина маманы білімдерін жетілдіреді.

Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 71,9-ға ұлғайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*