Түркістанда Исмаил Гаспыралы атындағы халықаралық сыйлықтың иегерлерін марапатталды

Түркістанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өтті. Жиында түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форумға  Қазақстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері келген болатын. Іргелі шара барысында Түркі әлемін бір-біріне және әлем жұртшылығына насихаттауға сіңірген еңбегін марапаттау және ынталандыру мақсатында Түркі академиясы тағайындаған Исмаил Гаспыралы атындағы халықаралық сыйлықтың иегерлерін марапатталды.

Бұл сыйлыққа ие болғандар:

 «Yenicag» газетінің сарапшысы Күршад Зорлу.

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас Асқар Умаров.

Әзербайжанның белгілі қаламгер-журналисі Аида Эйвазова.

Түркиялық «NTV» телеарнасының бағдарлама редакторы Ахмет Йешильтепе.

Айта кету керек, медиа форумда түркі тілдес мемлекеттер арасында ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру мақсатында форумға келген баспа, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдер өзара тәжірбие алмасты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*