Мұқтар Шаханов: Жансейіт, жұлдызың ылғи да шындық биігінен жарқырай берсін

Түркістанда түркі әлемінің қаламгерлері бас қосты.  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы»  жобасының аясында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымына мүше елдер ақын-жазушыларының кездесуі және кітап көрмесі Түркістан қаласында тарихи-мәдени этнографиялық орталықта өтті.   Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іргелі шараға Түркия, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Қазақстанның Астана, Алматы қалаларының және өңіріміздің көрнекті қаламгерлері қатысты.

Жиында сөз алған оңтүстіктің тумасы ақын Мұқтар Шаханов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының атқарып жатқан  істеріне ризашылығын білдірді.

«Өзіңе дейін осы облыста талай басшы болды. Мен көпшілігіне әртүрлі деңгейдегі көзқараспен қарап келдім. Қарсыластық та, басқа да қылдық. Бірақ сенің мынау игілікті шаруаларыңа мен ризамын айналайын. Сондықтан жұлдызың ылғи да шындық биігінен жарқырай берсін» деді ақын.

  Аайт кетейік, ақын-жазушылар кездесуінің мақсаты — түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайту, бауырлас елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық байланысын дамыту, түркітілдес елдердің, оның ішінде қазақ әдебиетін насихаттау және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында пікір алмасу болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*