Дулат Исабеков: Рухани жаңғыру өте орынды көтерілді

  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы»  жобасының аясында Түркістан қаласында түркі әлемінің  қаламгерлері бас қосты. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған кездесуге өңір басшысы Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы қатысып, кітап көрмесімен танысты.Сонымен қатар, жиын барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында әлемді толғандырған заманауи мәселелер, барша адамзатқа ортақ рухани құндылықтар жөнінде де келелі ойлар қозғалған еді. Кездесу барысында сөз сөйлеген Арыс қаласының тумасы, жазушы-драматург Дулат Исабеков «Елбасы мақаласы өз уақытында жарық көрді» деген пікір білдірді.

«Біз екі алпауыт елдің ортасында отырмыз. Сондықтан бізге қиынырақ. Ал, Ресейдің құрамындағы татар мен башқұрттың өзі бір Мәскеуге қарайды. Біздің болса, мына жағымыз Ресей, шығысымыз Қытай. Солға қарай бір қадым жасасаң мынау өкпелейді, оңға қарай бір адым жасасаң мынаусы өкпелейді. Солай ортада қиын жағдайда отырған елдің біріміз. Басқалардың жағдайы бізге қарағанда жақсы. Ал, енді осындай кезде рухани жаңғыру деген, өте орынды көтерілді» дейді драматург.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*