Түркістандық диқандар 35 сотық жылыжайдан 40 тоннаға жуық қияр алды

Оңтүстік Қазақстан облысның әкімі Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі жыл басында іске қосылған «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Ерғали Жолдасбеков басшылық жасайтын жылыжай көлемі 0,35 гектарды құрайды. Заман талаптарына сай соңғы үлгідегі Кореялық құрылғымен жабдықталған жылыжайдың сметалық құны 70 миллион теңге. Бүгінде мұнда егілген қиярдан 36 тонна жиналып отыр. Негізгі қуаттылыққа жеткен кезде бұл жылыжайдан гектарына 150 тонна өнім алуға болады.Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жылыжайлардың жалпы көлемі 50,6 гектарды құрап отыр. Оның ішінде өнеркәсіптік жылыжайлар 10 гектар асып жығылады. Ал, жалпы еліміздегі жылыжайлардың 90 пайызға жуығы оңтүстікте орналасқанынан хабардар боларсыз? Өйткені, өңіріміздің климаты егін шаруашылығын өте қолайлы. Жергілікті халық та осы несібеден айрылғысы келмей, ерте көктемде дала жұмыстарына кірісіп кетеді. Соның арқасында 2016 жылы жылыжайлардан көктемгі және күзгі ауысымда орта есеппен 1040 тонна қызанақ, 1130 тонна  қияр,  90 тонна  басқа да көкөністер, 200 мың дана гүл, барлығы 2260 тонна  көкөніс өндірілген. Қазіргі таңда жергілікті жердегі жылыжайларда өндірілген қызанақпен қала тұрғындары 45, қиярмен 67 пайызға  қамтамасыз етіліп отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*